Жарияланды: 80

Кемеровода қаза болғандар тізіміндегі үш адам тірі болып шықты

Кемеровода қаза болғандар тізіміндегі үш адам тірі болып шықты

Кемеровода болған өрттен кейін хабарсыз кетіп, туыстары қаза болғандардың тізіміне кіргізген үш адам тірі болып шықты.

Бұл туралы Іздестіру комитетінің мамандары мәлімдеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы жоғалғандар жайлы 64 өтініш түскен, оның 64-і де расталған.

ria.ru агенттігінің мәліметіне қарағанда, өрттен кейін із-түзсіз кеткендер жайлы ақпаратты Кемерово облысының әкімшілігі де тексеріп жатыр. Кемерово облысының вице-губернаторы Владимир Чернованың айтуына қарағанда, 78 адамды туыстары әлі де іздестіріп жатқан көрінеді.

Ол сонымен қатар бұл ақпараттың әлі де өзгеруі мүмкін екенін айтты. Оның айтуына қарағанда, жоғалғандар туралы ақпарат расталмаса тиісті адамдар жазаланатын болады.

Естеріңізде болса, Кемерово облысында 25 наурыз күні "Зимняя вишня" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 26 наурыз күні өшірілген болатын. Өрт салдарынан 64 адам көз жұмған, көбі балалар болатын.

Қазіргі кезде өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Кемероводағы өрт құрбандарының соңғы сәтте жан ұшыра көмек сұраған дауыстары жазылған видео тарады

Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды
Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты. Арасында губернатор Аман Төлеевтің туысы - 11 жастағы қыз да бар
Ресейде өрттің салдарынан 37 адам қаза тауып, 64 адам жоғалып кеткен

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін