Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
"Хабар 07.15-те түсті. Әбілқайыр хан мен Циолковский көшелерінің қилысында LADA Priora маркалы көлік жүргізушісі 10 жастағы оқушы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Қыз түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады БҚО ІІД инспекторы Дәурен Әбу.
Дәрігерлер қызға ота жасап жатыр.
ІІД мәліметінше, 22 жастағы күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындаған. Ер адамның айтуынша, ол асығып бара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кетіп, оқушы қызды байқамаған.
Қазіргі уақытта полиция көлікті іздеп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, ол қала сыртынан шығып, көлікті жасырып қойған.
Оқи отырыңыз:
Семейде медбике 2 жасар баланы маммологқа жіберген
Қытай консулы түрмеде отырған қазақтарды босатуға уәде берді
Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр