Семейде медбике 2 жасар баланы маммологқа жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде медбике 2 жасар баланы маммологқа жіберген

Семейде медбике 2 жасар баланы маммологқа жіберген

Семейде медбикенің қателігі ата-аналардың наразылығын тудыруда. Себебі, қаладағы емханалардың бірінің медбикесі 2 жастағы баланы гематологқа жіберудің орнына маммолог маманға жолдама жазып берген.

  • 4 Мамыр 2018
  • 81
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің өз емханасы бар Қала тұрғыны емханаға 2 жастағы баласына гематолог дәрігерге жолдама алу үшін келген.

Алайда медбике оны мамологқа жазып берген. Бұл қателікті қыздың анасы тек диагностикалық орталыққа келгенде бірақ-ақ көрген. Себебі, дәрігерлер мұндай жолдамамен баланы қараудан бас тартқан.

«Маған жолдаманың қате екенін тіркеу орнындағылар айтты. Тіпті гематолог дәрігерге кіріп жағдайды түсіндіру үшін де талон бермеді. Сондықтан емханаға барып қайтадан жолдама алуға тура келді »,-дейді қала тұрғыны. Ал медбикенің жіберген қателігіне байланысты Семей қаласындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Жанар Сейтқазина жауап берді.

«Бұл медбикенің жұмысына мұқият қарамауынан болған. Қазір көптеген жас мамандардың жұмыс тәжірибесі аз. Сондықтан осындай жағдайлар болып жатады. Қазір көп жұмыс компьютер арқылы жүзеге асса да, дәрігерлер мен медбикелер бұрынғыдай қағазбастылықтан арылмаған. Мұның да себебі бар деуге болады»,-деді Жанар Сейтқазина.

Оқи отырыңыз:

Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

Қытай консулы түрмеде отырған қазақтарды босатуға уәде берді

65,7 мың қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар