Орыс мектебінің кей оқушылары Қазақстанды Отаным деп есептемейді

Журналист Бақыт Жаншаеваның әлеуметтік желідегі жазбасы үлкен ой салды бізге. Таныс ұстазы орыс мектебіне ауысқан екен. Түңіліп кетіпті. «Біз Ресей патриоттарын тәрбиелеп жатырмыз” деген екен ұстаз.

"Орыс мектебіне ауысқан таныс мұғалім: " класта балалармен Отан, патриоттық тақырыбында сөйлескен едім. 28 баланың 8-і ғана( қазақ балалар) өздерін патриотпыз деді. Қалғандары (көбі басқа ұлт немесе аралас некеден туғандар) Қазақстанды отаным демейді, сондықтан өздерін патриот деп санамайды. Бірі Ресейдің патриотымын, отаным -Ресей десе, енді бірі Германия, Израиль деп жатты. Мектепті бітірген соң сол жаққа кетеміз, уақытша жүрміз деген". Тілдері орысша шыққан қалада туып-өскен қазақ баласында да сондайлық отаным, қазағым дейтіндей сүйіспеншілік байқамадым. Бұган дейін қазақ мектебіндегі балалардың барлығының " Отаным- Қазақстан! Мен елімнің патриотымын" дегендерін естіп үйренген ол мынаны көріп, жүрегінің мұздап кеткенін айтты. Сонда қалай болғаны? Қазақ елінде басқа елдердің патриоттарын тәрбиелеп жатырмыз ба? Жалпы орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларының бойынан өз ұлтына деген сүйіспеншілік табылмайтындай жағдайға келе жатқан жоқпыз ба? Бұған назар аудару керек деп санаймын."

Оқи отырыңыз:

Тұрсын Алагөзов балаларының ренішіне қарамай, Баянға деген сезімін ашық білдірді

Ақтаулық ата-аналарға педофил туралы ескерту жасалды