Жарияланды: 40

Ақтаулық ата-аналарға педофил туралы ескерту жасалды

Ақтаулық ата-аналарға педофил туралы ескерту жасалды

Әлеуметтік желіде ақтаулық тұрғындарға сақ болу жөнінде хабарлама тарауда.

Себебі, қалада белгісіз азаматтың кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиіскен бірнеше факт тіркелген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.

4 сәуірде Ақтаудағы білім беру мекемелерінің бірі құқық органдарына күдікті туралы мәлімет берген. Бұл туралы ата-аналар мектепте өткен жиналыста білген.

Әлеуметтік желіде тараған аудио хабарламаға сәйкес, қаланың жоғары бөлігінде белгісіз азамат кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалды сипаттағы әрекет жасамақшы болған.

Шаһардағы №7 мектеп-лицейінің ата-аналары 4 сәуірде аталған мектепте өткен жиналыста Ақтау қаласының құқыққорғау органдарына күдікті педофил туралы мәлімет беріпті.

Полицияның хабаралауынша, 26 шағын ауданда «жүрген» педофил туралы ақпарат тексерілуде.

Ата-аналардың мәліметіне сәйкес, күдікті еуропалық нәсілді, ұзын бойлы, көзінің түсі көк және оның алдыңғы тістері жоқ.

 

Ұқсас тақырыптар:

Педофилдікті көбейтіп жатқан екінші, үшінші күйеулер ме?
Зыряндық әйел қызын педофилден құтқарып қалды
Астанада ұсталған педофил суға жүзіп қашпақ болған

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін