Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Facebook желісіндегі "Masele Qaz" парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мына сұмдық жағдай Қызылорда облысында болды деп жіберді. Біздің қыздарымызға не болып бара жатыр?", - деп жазылған парақшада.
"Пароліңді айтпасаң, шашыңды аламыз. Мен қиналып қалдым, менің қиналғанымды сен көр. Сен менің шешемді боқтадың", - делінген видеода.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбаршы аулында оқушы қыздардың құрбысын соққыға жыққан видосы тараған болатын. Онда орамал таққан қыз өзінің сыныптасын аяусыз тепкілеген еді. Кейін олар бұл ісі үшін кешірім сұраған болатын. Орын алған сұмдық оқиғаға қатысты бірқатар өнер адамдары да пікір білдірген еді.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!