Жарияланды: 730

Ақтөбе облысында оқушы қызды аяусыз соққыға жыққандардың видеосы тарады (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында оқушы қызды аяусыз соққыға жыққандардың видеосы тарады (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында мектеп оқушысын біреулердің ұрып-соққан сәті туралы видео тарады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  хабарлады.  

Оқиға Ақтөбе облысы,  Шұбарши "Кеңқияқ" ауылында болған. Видеода бірнеше оқушы қыздың сыныптасын қалай ұрғаны көрінеді. Қыздардың бірі  жәбірленушіні шашынан сүйреп, басын тізесімен басады.

Видео инстаграмдағы aktobe_zello_  парақшасында жүктелді.

Дегенмен, Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, болып жатқанның бәрін ұялы телефонның камерасына түсірген.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді, деген мәліметті  policeaktobe атымен тіркелген аккаунт видеоға пікір ретінде қалдырды.