Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
"Павлодар қонақүйлерінің бірінде 43 жастағы күзетші жезөкшеден қызмет көрсеткені үшін 3 мың теңге көлемінде ақша алған. Ол ұсталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД өкілдері.
Ер адамның "Стоп-трафик" жедел-алдын алу шарасы барысында ұсталғаны айтылады. Ер адам қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді
Кезінде құпия саналған орыс офицерінің жазбасынан Махамбет Өтемісұлы турлы жаңа дерек табылды