Қайратқа қарсы шығу xалыққа қарсы шыққанмен бірдей – Айнұр Тұрсынбаева

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әңгімесін мінезі туралы айтып бастаған Тұрсынбаева Алматыдағы конкурстардың бірінде әншіге бас салғанын есіне алды.

“Осыдан 10 шақты жыл бұрын Алматыға бір конкурсқа қазылық етуге шақырды… Барсам қаптаған әнші.. Бір құрбымды көріп қалып ем, “Қайрат Нұртаспен жарысқа түсем” деді, “дайынсың ба?” деген ем, “жоқ, оны әлі көрген де жоқпын” деді. Әдеттегідей көтеріліп кеттім, “неге ол саған жолықпайды, неге сәлем бермейді, ол кім соншама” деп бұрқылдап ала жөнелдім”, – деп жазды ол.

Оның айтуынша, Айнұр Қайраттың күн сайын концерт беретіні, бүкіл Қазақстанды аралап жүргенінен бейхабар екен.

“Сонымен жарыс басталды, мен бірден Қайратты бас салдым..” Қайрат Нұртас деген кім” деп бастадым әңгімені.. «Продюсері қайда қарап жүр» деп бір тиістім. Сонымен не керек айқай шықты”, – дейді Тұрсынбаев.

Осыдан кейін Қайраттың анасы әрі продюсері Айдарбекова сұхбаттарында Тұрсынбеваға ренжігенін айтқан.

Айтыскер ақын Қайраттан алғаш рет қашан жеңілгенін де жазған.

“Бір күні бір тойда құрметті қонақтардың арасында “гүл” болып отырған едім, қасымдағылар тура сол оқиғаны айтып, “Не болды, татуластыңыздар ма?!” деп сұрап жатыр.

”Е, жоға” деп мен қатайып отырғанмын, бір кезде тойдың төріне Қайрат кіріп келді.. Кіріп келді де маған қарай жүгіріп келіп:”Қалайсыз әпке” деп бетімнен сүйіп амандассын.

Ашық жарқын, мәз мейрам.. Ұялғанымнан жердің тесігін іздеп кеттім.. 1-0 болып оңбай жеңілгенімді сонда сезіндім…”, -деп жазған ол.

Қайрат Нұртас оны жүрген жерінде мақтап жүреді екен.


“Тағы бірде Мұқтар Ниязовты көріп қалып әңгімелесіп отырсам: “Осы сіз Қайратпен жақсы араласып тұрасыз ба?!.” деп сұрады.

”Мүлде араласпаймын” десем,”Қайдам сізді керемет мақтап, мықты ақын, қатты құрметтеймін” деп мадақтап отырғанын естіп қалдым дейді..2-0″,

– деп Айнұр жеңілгенін мойындады.

Ол Қайратқа қарсы шығу xалыққа қарсы шыққанмен бірдей екенін білган.

“Былтыр Астанада Қайраттың үлкен концерті өтті. Қайрат өз қолымен VIP билетті әкеліп,”сіз келсеңіз қатты қуанып қаламын әпке” деген кезде 3-0 болып біржола нокаут алдым ғой. Қазір ойлап қарасам титтей бала кезінен менен де ақылды екенін көрсетіп келеді екен. Ата-анасымен жақын араласа келе тәрбиенің түбі әкенің қанынан, шешенің сүтінен екенін білдім. Отбасымен қойған концертке барып тағы сүйсініп қайттым. “,- деп аяқтаған.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да еріген қар суына шыдас бермеген дамба қирап қалды

Әскердегi қыздар санын көбейту ұсынылды

Күйеуімен ұрсысқан әйел көпірден секірмек болды- Ақмола облысы