Әскердегi қыздар санын көбейту ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскердегi қыздар санын көбейту ұсынылды

Әскердегi қыздар санын көбейту ұсынылды

Үкiмет сағатында Мәжiлiс төрағасының орынбасары Владимир Божко әскери саладағы қыздар мен әйелдер санын арттыруға шақырды.

  • 9 Сәуiр 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Қарулы күштер барған сайын ғылымды қажет етiп келедi. Ерлер үшiн ұят, бiрақ жоғары оқу орны мен мектептi алтын медальмен бiтiретiндердiң көбi — қыздар. Сондықтан менiң ойымша, елiмiздiң осы интеллектуалды құрамын әскерге тартуға тырысу қажет. Мысалы, қазiр Ресейде десантшы қыздар бар. Ал, бұл аса ауыр мамандық. Әрине, бiз әйел затын құрметтеп, қорғаймыз. Дегенмен, бiз бүкiл әлем дамып жатқан бағыттан ауытқымауымыз керек»,- дедi Владимир Божко.

Өз кезегiнде Қорғаныс министрi Сәкен Жасұзақов Мәжiлiс вице-спикерiн қолдады. Ол нәзiк жандардың қатарда болуы әскери қызметкерлерге жағымды ықпал ететiнiн айтты.

«Мен сiздi қолдаймын. Жақында ғана мен әскери қолбасшыларға тәрбие-идеологиялық жұмыс жөнiндегi рота, батальон, бригада командирлерi қызметiне жоғары бiлiмi мен тәжiрибесi бар әйелдердi iрiктеудi тапсырдым. Бiз кезiнде осындай тәжiрибе жүргiзген едiк. Яғни, тәрбие жұмысы жөнiндегi командир орынбасары қызметiне әйелдердi тағайындаған болатынбыз. Сонда жағдай бiрден жақсарды: сарбаздар, офицерлер мен сержанттар тап-таза, мұнтаздай болып қалды. Яғни, бұның жағымды жағы бар, бiз осыны қайта қолға алғымыз келедi», — дедi Жасұзақов.

Ұқсас тақырыптар:

Әскерге кімдер шақырылмайды — Қорғаныс министрлігінің жауабы

40 күндік дайындық курсынан өтіп әскери билет алуға болады

 

 

Соңғы жаңалықтар