Қаскелең жұқпалы аурулар ауруханасы жабылады - министр Біртанов

Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз мәслихаты барысында Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаскелең қаласындағы аурухананың жағдайы нашар. Мен қазір құзырлы органдарға Қаскелең жұқпалы аурулар ауруханасын жауып, Қаскелең орталық ауруханасына қосу туралы арнайы тапсыра беріп жатырмын. Орталық ауруханада арнайы қосымша ғимарат бар. Ғимарат жаңа. Өте ауыр науқастар Алматыға немесе Талдықорғанға тасымалданатын болады», - деді министр Елжан Біртанов.

Ұқсас тақырыптар:

Біртанов түнде Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына барды

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы