Бұл туралы ол NE ANGIME YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Эдуарда өзіне инстаграмда да, өмірде де "төсек үшін" ақша ұсынғандар болғанын жасырмады.
"QosLike жобасына келмей тұрып Қазақ аруы 2022 байқауында кастингтің алғашқы кезеңінен өттім. Аттарын айтпай-ақ қояйын продюссерлер жиналып отырды. Өткен қыздардың арасынан Түркиядағы массовка рөлге кинокастинг жасап жатты. Екеуінен де өттім. Ол жерде жас жағынан да, бой жағынан да кішкентайы мен едім. Соған қарамастан өткеніме қуанып тұрған едім. 1-2 сағаттан соң продюссерлермен жеке кездесу болды. Сөйлесіп отырғанда бір емес екі адам солай ұсынған болатын. "Қазақ аруын алып береміз. Киноға да түсіреміз" деген сияқты. Шынымды айтсам мен бәрі әділ түрде болады деп ойладым. Осы уақытқа дейін естіген "Қазақ аруын ақшамен алып жүргендер бар" дегенге де сенбеген едім. Ал маған анадай ұсыныс айтылғаннан кейін толықтай бәрінен бас тарттым. Жаңағы ұсыныстарынан бөлек өздері жеке беретін ақшалары болды. "Төсекті" бірден айтты. Әрі қарай әңгімесін тыңдағым да келмей қалды. Бір рет болатын нәрсе болады. Кейін есесіне бір нәрсеге қолым жетеді. Дегенмен де, ойлап қарасаң ертең Түркияға барғанда одан да бетер жаман дүниелер жасаса сен "жоқ" деп бас тарта алмайсың. Қорғайтын ешкім болмайды ол жақта", - деген.
Еске салайық, сұлулық байқауының төңірегіндегі осыған ұқсас жағдайлар аз емес. Бұған дейін сұлулық байқауына қатысқан ару өзіне "қамқор" болып жүрген ер азаматтың арқасында финалға өткені туралы
жазған болатынбыз. Байқау қатысушысы Айткүл Нұрманова "Мені қуанту үшін әділқазылар алқасының директорларымен сөйлесті. Сөйтіп, ешқандай байқауға қатыспай "Мисс Қостанай" атанып, бірден финалға өттім" деген еді.
Loading...