"Артымнан жүгірген": "Мисс Қазақстан" байқауының қатысушысы финалға танымал әншінің көмегімен өтіп кеткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Артымнан жүгірген": "Мисс Қазақстан" байқауының қатысушысы финалға танымал әншінің көмегімен өтіп кеткенін айтты

"Артымнан жүгірген": "Мисс Қазақстан" байқауының қатысушысы финалға танымал әншінің көмегімен өтіп кеткенін айтты

Сұлулық байқауына қатысқан ару өзіне "қамқор" болып жүрген ер азаматтың арқасында финалға өткенін ашық айтты. Ең қызығы видеодағы ару арманы орындалуына үлес қосқан жігіт елге танымал опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин екенін айтып салды. 

  • 22 Желтоқсан 2022
  • 4596
Фото - Caravan.kz

Аталған видеоны блогер Жан Ахмадиев желіде жария етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бейнекөріністегі кейіпкер қыз:  "2016 жылы опера әншісі Сүндет Байғожин маған көңіл бөліп, қамқорлығын көрсете бастады. Мен әңгіме арасында оған Мисс Астана байқауына қатысқым келетіні туралы қалауымды айттым. Мені қуанту үшін әділқазылар алқасының директорларымен сөйлесті. Сөйтіп, ешқандай байқауға қатыспай  "Мисс Қостанай" атанып, бірден финалға өттім" дейді. 

«Қазақстан аруы-2016» байқауының қатысушысы Айткүл Нұрманова конкурсқа қатыспай-ақ, финалға қалай өткенін айтып берді. Сылқым бикеш сол жылдары «Астана Операның» жетекші солисті Сүндет Байғожиннің “құмарын қандыру” үшін кездесіп жүріпті. Міне, осының арқасында “финалист” атанған екен. Маған қызығы, бұл қатын неге 6 жылдан соң ағынан жарылып отыр А? Әлде, “спонсоры” Сүндет Байғожин ақша бермей кетті ме?" — деп жазған Жан Ахмадиев.

Айта өтейік, 2016 жылы Сүндет Байғожин Айткүл Нұрмановаға үйленуге ұсыныс жасаған еді. Қазір "Мисс Қазақстан" қатысушысы желіде Сүндет Байғожиннің "бұрынғы күйеуі" екенін айтып жүр. 


 

Соңғы жаңалықтар