Қазақ жастары Ресей университеттерінде тегін білім ала алады

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. 

"Қазақстанның азаматтары, Белоруссия, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары мен қатар тең құқықта ресейлік жоғары оқу орындарына түсе алады, бұл оларға осы елдерде ашылған емтихан тапсыру пункттерінде ЕГЭ емтиханын тапсыруына мүмкіндік береді. Ресейдің білім министрлігі Қазақстанның экономикасын дамытуға қажетті жоғары білікті мамандар дайындап шығару үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр", — деді Васильева РИА Новости тілшісімен сұхбат барысында.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта ресейлік жоғары оқу орындарында 67 мыңдай Қазақстан азаматы оқиды, олардың 26,8 мыңы федералды бюджет есебінен білім алып жатыр, 40 мыңнан астамы өз қаражатымен мамандықты игеруде.

"Ресей ЖОО-на шетелдік азаматтарды қабылдау жоспарына сәйкес, Қазақстан азаматтарына биыл 452 мемлекеттік грант бөлінген", — дейді ол.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар тегін оқи алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды

Оралда зираттан нәрестенің денесі табылды

Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды