Оралда зираттан нәрестенің денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда зираттан нәрестенің денесі табылды

Оралда зираттан нәрестенің денесі табылды

Баланы кім және қашан тастап кеткені әзірге белгісіз.

  • 6 Наурыз 2018
  • 201
Фото - Caravan.kz

Орал қаласында мектеп оқушылары ескі зират аумағынан жаңа туған сәібидің денесін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Дерқұл кентінде оқушылар омбы қардан баланың мәйітін тауып алып, маңайдағы адамдарды шақыра бастаған.

Гиният Мәмбетовтың айтуынша, ол жұмыстан келе жатып, оқушыларды байқаған.

«Оларға таянғанымда, қарда баланың жатқанын айтты. Жақынырақ қарап едім, жаңа туған нәрестенің денесі екенін түсіндім. Ол шүберекке оралған еді. Зират күзетіне жүгіріп барып, полицейлерді шақырдық», — дейді Гиният Мәмбетов.

Баланы кім және қашан тастап кеткені әзірге белгісіз. Полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.


Оқи отырыңыз:

Алматы облысында арықтан 7 жасар баланың мәйіті табылды

Ата-анасы Түркияға жұмыс істеуге кеткен 5 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Қазақша Құттықтау — тілек: 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні

Соңғы жаңалықтар