Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Күрестен әлем чемпионаты қай елде өтетіні шілденің соңы немесе тамыздың басында белгілі болады.
«Бізге 2019 жылы спорттық күрестен әлем чемпионатын өткізуге Стамбұл мен Алматы қалаларынан өтініш келіп түсті. Біз аталған елдердің ұсыныстарын мұқият қарап жатырмыз. Таңдау маусым айында жасалады. Біріккен күрес әлемінің атқарушы хатшылығы бюро мүшелеріне нақты шешімді айтады. Отырыс шілде айында Римде өтеді. Осы жиында 2019 жылы әлем чемпионаты қайда өтетінін айтамыз», - деді Ненад Лалович.
Айта кетейік, осы жылдың қазанында Будапешт қаласында спорттық күрестен әлем чемпионаты өтеді. Ал 2019 жылы өтетін күрестен әлем біріншілігі Токио Олимпиадасына іріктеу жарысы болып саналады.
Оқи отырыңыз:
Үндістанда құмды дауыл соғып, жетпістен астам адам қаза тапты
Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер жайлы айтты