Жарияланды: 100

«Атамекен» әнін өзге тілде тыңдап көрдіңіз бе?

«Атамекен» әнін өзге тілде тыңдап көрдіңіз бе?

Ұлт пен ұлысты ұйыстырған Атамекен әні.

1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орайластырып, El.kz интернет жобасы әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін бірнеше тілге аударды.

Жүрекке мақтаныш сезімін ұялатып, рухтандыратын патриоттық туындыны өзге тілдерде де шырқатып көрді. «Атамекен» әнінің сөзін Қадыр Мырза Әлі, әнін Ескендір Хасанғалиев жазған.

Әнді орындауға атсалысқан «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығына, Астана қаласының өзбек этно-мәдени орталығына, «Қырғызстан-Астана» мәдени орталығына, әнші, сазгер Халық Ризабекке, журналист Аманбек Мағзұмхан мен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Алексей Лодчниковқа алғыс білдіреміз.

Бейнетүсірілімге YouTube каналында Ербол Ақпановтың «Атамекен» әніне түсірілген бірқатар кадрлары пайдаланылды.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін