Қазақстанда Ресейден бензин тасымалдауға тыйым салу ұсынылды

Электронды үкімет порталында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Ресейден теміржол арқылы бензин тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрығы жарияланды. Қазір ол қоғамның талқылауына берілген, ол 6 маусымға дейін созылады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан темржол көлігімен бензин тасымалдауға үш айға тыйым салынсын", — делінген бұйрық мәтінінде.

Құжатта аталып өткендей, энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына хабарлама дайындауы керек, сонымен бірге Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйым енгізілгенін бектіліген тәртіппен ескертуі тиіс.

Бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.


Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ