Қазақстанда сыбайлас жемқорлық бойынша қай қызмет өкілдері жиі ұсталатыны айтылды

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

МҚСЖҚІА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында биылғы төрт айында 1152 құқық бұзу тіркелген, оның ішінде 820 іс - 71 пайызы жемқорлық бойынша. 

"Негізгі бөлігі пара беру - 40 пайызы (457), жымқыру - 33 пайыз  (368). Республика бойынша жалпы 390 адам жемқорлық бойынша жауапқа тартылды, олардың ішінде республикалық деңгейдегі жетекшілер - 8, облыстық -32, қалалық және аудандық - 56. Жемқорлық қылмыс ең көп ждасағандар жергілікті басқару органдарында - 139 (Қарағанды облысында - 20, ОҚО - 17, ШҚО - 12), ішкі істер органдары - 95, мемлекеттік кіріс - 37, ауыл шаруашылығы - 21", - дейді МҚСЖҚІА ресми өкілі Нұрлан Жахин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қорытындысына арналған брифинг барысында. 

Ресми мәліметтер бойынша, келген шығын көлемі 4,2 миллиард теңге. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары (2017 жылдың 4 айында - 1,9 миллиард теңге). Шығынды өтеу екі жарым есе өсті 1,4 миллиард теңгеден 3,7 миллиардқа дейін (88 пайыз). 636 миллион теңге соммасындағы мүлікке тыйым салынды. 

"Елбасы тапсырмасының аясында қылмыстық процесстің репрессивтігі төмендетілді. Ұсталған тұлғалар саны екі есе (153-тен 75-ке дейін) азайғанын айта кеткім келеді. Пара үшін сотталғандардың 68 пайызы еселеген айыппұлмен жазаланды", - дейді ол брифинг барысында. 


Бүгін Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамауына алынғаны белгілі болды. Ол 2015 жылы "Аймақ және К" ЖШС" мердігер ұйымының мүддесін қорғап, қызметтік құзыретін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

«Әлем аруы-2018» байқауының жеңімпазы жол апатынан қаза болды