Қазақстандық егіз жігіт қалай ұшқыш болғандары жайлы оқиғасын айтып берді

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.  

"19 жасымда алғаш рет қозғалтқышы бар ұшақпен ұшып көрдім. 20 жасымда екінші ұшқыш ретінде бірінші рейсті өткіздім. Ал бүгінде Air Astana әуе компаниясындағы Embraer 190 ұшағының екінші ұшқышымын", - дейді Олег Жақыпов.

Егіздер Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика мектебінде оқып, ұшқыштарды дайындайтын Ab-Initio бағдарламасы бойынша оқуға түскен. Кейіннен Олег Испаниядағы жазғы мектепке, ал Жан Ирландиядағы жазғы мектепте оқыған.

"Ұшқыш болу менің арманым еді. Қазір жасым 21-де. Қазіргі уақытта мен Air Astana әуе компаниясындағы Airbus A320 ұшағының екінші ұшқышымын. Арманыма жеткеніме қуаныштымын. Сонымен қатар, қазақстандықтардың көбі әлемнің түрлі елдерінде оқып, жұмыс істеп жатқанын көріп жүрмін. Бұл бостандықтың және бәсекелестіктің бар екенін көрсетеді", - дейді Жан Жақыпов.

Сондай-ақ, Олег жастар үшін білім алудың бірінші орында болуы керектігін айтады.


"Меніңше, Қазақстанда бізге келіп оқуға мүмкіндік болатындай жазғы мектептер ашылса жақсыб олар еді. Авиация саласында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп жүрген мамандар бізде кадрларды дайындау мәселесінің жақсы дамығанын айтады. (...), - дейді Олег.

Оқи отырыңыз:

Сыртқы күштердің "Қалаулым" бағдарламасына "Жабыңдар" деуге конституция бойынша құқы жоқ - Шах-Керім Кәрменов

Әкесі қытайға тиген қызын той үстінде атып тастаған