Қордайда ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтеді

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен әскери ведомство басшысы 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасы аумағында әскери парад өткізу мәселесін талқылады. «Әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыру мақсатында Тараз қаласы қорғаныс істері басқармасы «Отанға қызмет - абыройлы міндет!» акциясын өткізді», - дейді Жамбыл облыстық қорғаныс істері департаментінің өкілдері. Еске сала кетсек, 2013 жылы «Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихында алғаш рет әскери парад өткен болатын. Шараға Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.

 

Оқи отырыңыз:

Қостанайда анасы ұйықтап қалып, қасында жатқан бес айлық сәби көз жұмған
Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды