Жарияланды: 100

Қостанайда анасы ұйықтап қалып, қасында жатқан бес айлық сәби көз жұмған

Қостанайда анасы ұйықтап қалып, қасында жатқан бес айлық сәби көз жұмған

Қайғылы жағдай Қостанай облысы Сарыкөл ауданында болған.

Бұл туралы Аlau.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  

Сәбидің денесі табылғаны жайлы хабар 5 сәуірде жергілікті аудандық ІІБ-не келіп түскен. "Полицейлер 28 жастағы келіншектің мас күйде бола тұра бес айлық сәбиін емізіп, өзі ұйықтап қалғанын анықтады. Ал таңертең әйел сәбидің көз жұмғанын көрген", - делінген ведомствоның хабарламасында. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін