Қостанайда әйел моншада тірідей өртеніп кетті

Қостанайда электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шығып, әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Алау" порталы жазғандай, трагедия саяжай аумағында болған. Тілсіз жау саяжай үйі мен жазғы асхананың күлін көкке ұшырған.

"Үйге жапсарлас салынған моншаның шатыры, еденінің жартысы, қабырғаларының қаптамасы, төбесі мен есігі өртенді. Жалын 65 шаршы метрге шарпыған. Моншадағы өртті сөндіру кезінде 51 жастағы әйелдің мәйіті табылды", — деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.  

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

Бәйгеге түсу үшін арсыздық пен қулық керек: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты 

Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы