Олар жергілікті өнім өндіруші кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты деп жазады Altaynews.kz.
Қытай тарапы ең алдымен ШҚО балына қызығушылық танытып отыр екен. Жергілікті Кәсіпкерлер палатасында болған кездесуде шығыстағы көршілеріміз айтулы омарташыларды экспортерлер тізіміне алатындарын айтып, өздерінің бірнеше сұрақтарын да қойды.
«Техникалық талаптар қалай орындалады, санитарлық нормалар қандай деңгейде? Өнімнің қауіпсіздігін бақылау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білгіміз келеді. Өнімді сертификациялау жұмыстары қалай жүргізіледі, балдың сапасы қалай бағаланады? Осыны білгіміз келеді», - дейді олар.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қытай тарапы біздің 10 экспортеріміздің өнімін сатып алуға дайын екендіктерін айтқан. Оның ішінде алты – бал, үш – балық өнімі және бір — ет өндіретін кәсіпкермен келісім шарт жасаспақ. Соныман қатар, қытайлық делегация «Пасека» ШҚ (бал), «Төре Тоғам» ЖШС (балық) сияқты өнім өндіретін кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты.
Оқи отырыңыз:
ҰБТ. Түлектердің 80 пайызы қазақ тілін таңдады
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыты мен орны жария етілді
Әкесінен айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды