Қытайда қатты жел соғып, салмағы 6 тонна ескерткіш құлады

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Цинь Ши Хуанди императорының 19 метрлік ескерткіші 2005 жылы Биньчжоу қаласында бой көтерген-ді. Global Times газетінің жазуынша, қатты жел салдарынан ескерткіш құлап сынған.

Жұмысшылар ескерткішті кран көмегімен көтеріп, алып кетті.

«Мұны жұртшылықтан жасыру мүмкін емес. Бүгінде барлығының қалтасында бір-бір телефон бар. Сол себепті мұндайды жасыру мүмкін?» - дейді ескерткішті көтерген жұмысшылардың бірі.

Ескерткіштің іші бос қуыс болған.


Естеріңізге сала кетсек, Цинь Ши Хуанди б.з.д. 221-206 жж Қытайдың негізгі провинцияларын біріктірді. Осы император тұсында Ұлы Қытай қорғанының негізі қалана бастады.

Оқи отырыңыз:

Ертіс өзенінде алдағы аптада сең жүре бастайды

ОҚО-да араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты

Сал ауруына шалдыққан 12 жасар қыз “Балапан” арнасының жүргізушісі атанды