ОҚО-да араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты

ОҚО-да араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты

Атыс кезінде екі азамат жарақат алып, ауруханаға түскен.

  • 10 Сәуiр 2018
  • 103
Фото - Caravan.kz

Арнаға хабарласқан Сарыағаш ауданы, Абай ауылының тұрғындары жергілікті жерде атыс болғанын айтып берген, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Сөздеріне сүйенсек, көрші ауыл тұрғындары бас араздық салдарынан бір-біріне оқ атқан. Атыс кезінде екі азамат жарақат алып, ауруханаға түскен.

Куәгерлердің сөзінше, қару атқан азаматтардың жасы шамамен 25-30-да. Сондай-ақ, бейресми мәліметтер бойынша, күдіктілер қамауға алынған. Бұл іске қатысы бар деген болжаммен үш азамат тергелуде. Ауылдықтар тәртіп сақшыларының күні-түні күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Ал құзырлы орган өкілдері көрші ауылдағы жігіттердің арасында болған атысты растап берді. Қазір оқиға орнында полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар