Ресейде ауыр халде жатқан қыз Астанаға жеткізілді

Санитарлық авиация борты шетелде ауыр жағдайда жатқан Қазақстан азаматын елге жеткізді, деп хабарлайды Sputniknews.kz денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1993 жылғы қазақстандықтың ата-анасы ҚР денсаулық сақтау министрлігіне жүгініп, қыздарының Санк-Петербор қаласындағы Жалпыресейлік шұғыл және радиациялық медицина орталығына шұғыл емдеуге жатқызылғанын хабарлаған. Ведомство ҚР сыртқы істер министрлігімен бірлесіп қызды елге әкелу үшін бірқатар шара жүргізді. Алынған медициналық құжаттар негізінде Қазақстан азаматын санитарлық авиация күшімен тасымалдау үшін санитарлық авиация бортын жіберу туралы комиссиялық шешім қабылданды. 

21 сәуірде ауыр халде жатқан 25 жастағы қыз санитарлық авиация күшімен Республикалық нейрохирургия орталығында ем қабылдауды жалғастыру үшін Астанаға жеткізілді. 

Еске сала кетсек, өткен жылы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және санитарлық авиация күшімен 2600-ден астам пациентке, оның ішінде шетелде ауыр жағдайда жатқан он бір адамға көмек көрсетілген.


Оқи отырыңыз:

Бала зорлағандарға өлім жазасы енгізілді

Заречныйдағы түрмеде азаптау болған жоқ деп мәлімдеді колония басшылары

Суреттегі аласа бойлы 9 сынып оқушысының қазіргі әлем чемпионы екені елді таң қалдырды