Жарияланды: 200

Суреттегі аласа бойлы 9 сынып оқушысының қазіргі әлем чемпионы екені елді таң қалдырды

Суреттегі аласа бойлы 9 сынып оқушысының қазіргі әлем чемпионы екені елді таң қалдырды

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат «Найман» Хамитов өзінің оқушы кезіндегі суретін желіге жүктеді.

Суреттегі бойы аласа баладан шынында да болашақта чемпион шығады дегенге сену қиын. Жалпы бойының аласа болғанын Қуат Хамитовтың өзі де бұған дейін сан мәрте айтқан болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Мына суретте 9 сыныпта оқитын кезім! Бізде мүлдем ештеңе болған жоқ... Ақша да, дарын да, түк те жоқ. Әрине, қайсар мінезден басқа. Кейде жаттығуға бара жатқан кезде, көшеде жүгірген сәтте адамдар күлетін еді. Сенімсіздік танытатын. Бірақ, неге екенін білмеймін, елдің сөзін тыңдамай тек өзіме ғана сенетінмін.

Кейде болашақта әлемдік сахнада өнер көрсетемін, Отанымыздың даңқын аспандатып, чемпион болатынымды айтатынмын. ... Бірақ, оған ешкім сенген жоқ.Туыстарым да иланбады. Әрине, оған мен қатты ашуланатын едім. Бірақ мына суретті көріп, енді түсінгендей болдым. Дене бітімі әлсіз немесе екі метр сұңғақ бойы жоқ кішкентай балаға кім сенсін. Бұл өте ауыр кезеңдер еді. Ал бүгінде мен сол кезде ештеңеге берілмей жаттыға бергенім үшін, көздегеніме жеткенім үшін қуанамын.

Мұны айтым отырған себебім, қазір де қиналып жүрген адамдар бар. Айтар кеңесім, тоқтамау керек! Әрқашан өзіңізге сеніңіз және соңына дейін барыңыз!»,- деді Қуат Хамитов

Оқи отырыңыз;

Қайрат Нұртас тойда өзімен суретке түспеген халыққа ренішін білдірді
Ақмола облысында дүкенге шығып кетіп оралмаған әженің денесі орманнан табылды
Миланда бір мезетте жылдың төрт мезгілін ұсынатын оранжерея ашылды
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін