Серікбол: Сайлаубекпен шатастырған бір әжей “арағыңды қойып, толып қалыпсың” деп мақтады

Өткен жылы ел аралап, 125 тегін концерт берген әнші Серікбол Сайлаубек Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасының студиясында ауылдардың бірінде болған қызықты жайтты айтып берді. Бұл туралы stan.kzжазды.

Халықтың батасын жинап, Алла Тағаланың разылығы үшін ауыл-ауылды аралап, тегін концерт қойған өнер иесі халыққа ән тыңдатып, рухани әңгімелесіп, көңілдерін көтеруді мақсат етіпті. Аппаратура, сахна таңдамайтын әнші мәдениет үйі жоқ ауылдарда камаздың, арбаның үстіне кілемді жайып жіберіп, ән айтатын кездерін күліп еске түсірді.

Сондай концерттердің бірінде ауылдағы бір әжей «Мәләдес Сайлаубегім-ай! Арағыңды қойып, сақалыңды өсіріп, толығып қапсың, мәләдес» деп ризашылығын білдіріпті. Өзін МС Сайлаубекпен шатастырған әжейді әнші «Апа, мен ішпеймін, мен басқа Сайлаубекпін, Серікболмын» деп әрең сендіріпті.

Оқи отырыңыз:

Арман Қоңырбаев: Аша екеуміздің арамызда келісімшарт бар

Жетісайлық футболшы матч кезінде кіші дәрет сындырды
Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотроптыдәрі салға