Жарияланды: 100

Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотропты дәрі салған

Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотропты дәрі салған

Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотропты дәрі салған. Бұл туралы тексеріс жүргізген қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері ресми мәлімдеді.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ол аздай дәрігердің екі жасар Семен Арзамасцевқа берген бірнеше дәрінің тіс емханасының тіркеуінде болмаған. Препараттың бұл түрі елімізде пайдалануға да тыйым салынған екен. Сондықтан шу шыққан тіс емханасының дәрілер тізімінде атымен болмаған препарат арнайы сараптамаға жіберілді. Тіс емханасының басшылығы дауға қалған маманның дәріні қайдан алғанын білмейміз деп отыр. Ал екі бірдей баланың өліміне қатысы бар болуы мүмкін аннестезиолог маманы қызметінен айырылды. Өйткені біліктілігін растайтын сертификаты сот арқылы тәркіленген. Енді жауапкершілікке аннестезиолог маманымен бірге, тіс дәрігері де тартылуы мүмкін.

«Аннестезиолог тарапынан аннестезиологиялық жәрдем беру үшін бірнеше препараттар заңсыз қолданылған. Оларда емшектегі жастағы балаларда қолдануға қарсы көрсетілімдері бар. Яғни үш жасқа толмаған балаларға қарсы көрсетілген. «Пропофол» 16 жасқа дейін қолдануға болмайды»,-дейді Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің бас маманы Салтанат Жақсыбаева.

Оқи отырыңыз:

Жетісайлық футболшы матч кезінде кіші дәрет сындырды

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть