Шығыста күн суытып үйлерге енді мұз қатып жатыр

Құтқарушылардың жұмысын аймақтағы күн райының күрт суып кетуі қиындатуда. Үйлердің шатырына дейін жеткен су қатып, баспаналар енді мұздың құрсауында қалып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қас қағым сәтте үйдің іші суға толып кетті деп зар еңіреп отыр Зубов ауылының тұрғындары. Жұрт шиттей балаларымен арнайы құтқару бекетінде тұрып жатыр. Жұрт суда қалған үйлеріне алаңдаулы. Қызыл су қайтпайынша баспаналарына жақындау мүмкін емес. Ал Людмиланың көршісі Николай болса былтыр ғана салып біткен су жаңа үйін айналшақтап кете алмай жүр.

Тас болып қатып қалған. Суға тигеннің бәрі қатып жатыр. Картоп енді пайдаға жарамай қалды. Дүние мүліктің бәрі құрыды,- деді Николай Васильев

Зырьян ауданында төрт жүзге жуық үйді су басып қалған. Таудағы қар тез еріп, өзендер арнасына сыймай тасыпты. Бірақ бұл қасіреттің тек басы еді. Ауа райы күрт суытып, температура минус 15 градусқа дейін түскенде жағдай тіптен қиындады. Көлкіген су мұзға айналып, үйлердің бәрі қатып қалған. Аудан орталығының өзінде 105 үй зардап шексе оның сексені мұз құрсауында жатыр. Жергілікті құтқарушыларға көмекке Оңтүстіктен және Павлодардан мамандар тартылған.

:

Бүгінде аудандағы жағдай қалыпты. Бұқтырма өзеніндегі судың деңгейі түсіп келеді. Біз жолды, көпірлерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Барлық нысандар штатты режимде жұмыстарын жасауда,- дейді Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.


Бұқтырмадағы мұздың қалыңдығы екі метрден асады. Қазір жағдай қалыпты болғанмен күн жылынса тасқынның екінші толқыны басталары анық. Сондықтан арқаны кеңге салуға әлі ерте.

 

Ұқсас тақырыптар:

Жамбыл облысында бір ауылды су басты
Алдағы екі күнде Алматы маңында өзендер тасуы мүмкін
160 елдімекенді су басу қаупі бар