Алдағы екі күнде Алматы маңында өзендер тасуы мүмкін - ТЖД - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы екі күнде Алматы маңында өзендер тасуы мүмкін - ТЖД

Алдағы екі күнде Алматы маңында өзендер тасуы мүмкін - ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады. Мамандар алдағы екі тәулікте таудан ағатын өзендер арнасынан тасуы мүмкін екенін айтып отыр.

  • 27 Ақпан 2018
  • 200
Фото - Caravan.kz


"28 ақпан мен 1 наурыз аралығында жауын жаууына байланысты Алматының таудан ағатын өзендері арнасынан тасуы мүмкін", — делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 24 ақпаннан бері Алматы облысының бірнеше елдімекенінде тасқын су тұрғындарды тығырыққа тіреп қойды. Еріген қар суы ондаған үйді шайып кеткен. Әсіресе Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында жағдай мүшкіл. Жергілікті билік өкілдері болса шарасыздық танытып отыр.

Соңғы жаңалықтар