Тәуекел Мүсілім Қайрат Нұртастың әнінен жалығып кететінін айтты

Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім, Бауыржан Сатов және футболшы Жамбыл Көкеев – сыныптастар! Бір мектепте білім алған жігіттерді, бүгінде жұрт жақсы таниды. Бірақ, оқушы кезінде бала Қайраттың атақты әнші болатыны қатарластарының үш ұйықтаса түсіне де кірмеген.

“Қайрат ән айтып жүрген кезде мен аса бір, былай айтатын болсақ тек әнші ретінде қабылдамайтынмын. Баласың ол кезде. Және де әр мереке сайын ән айта берген соң, жалығып кетесің. Ал, былайша қазір енді барлық әндері ұнайды”, – дейді Тәуекел.

Тәуекелдің сөзінше, Қайрат Нұртас озат оқушылардың да тізімінде болмаған.

“Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз. Арасында футболда ойнаймыз. Сондай оқушы болған ол!” – дейді Тәуекел.

Оқи отырыңыз:

Арман Қоңырбаев: Аша екеуміздің арамызда келісімшарт бар

Жетісайлық футболшы матч кезінде кіші дәрет сындырды
Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотроптыдәрі салға