Тележүргізуші: Өмірдегі Сәуле ұнамай жатса, экрандағыдай Ақжүніс болуға міндетті емеспін

“Образдан шығыңызшы…” деп Өміржан айтпақшы… Соңғы кездері, керісінше, образдан бекер шығыппын деп ойлайтын болдым… Иə, сол Ақжүніс образын айтам… хотя ол жерде образ жоқ еді – тақырыпты ашу үшін жанталасып қонақтарын сөйлетуге тырысқан журналист Сəуле ғана болған. Оны жұрт Ақжүніс деп образ жасап, тіпті идеал санап, “сол образды” танып, “сол образға ғашық” болды. Ол – Ақжүніс емес еді, ол – бар болғаны студиядағы Сəуле еді. Ал студиядағы Сəуле – үйде де, асүйде де, көшеде де, базарда да, қонақта да, тойда да…сол Сəуле”, деп жазады журналист желідегі парақшасында.

Ет пен сүйектен жаралған… Қиялдарыңыздағы Ақжүністің – студиядағы Сəуленің образына өмірдегі жай ғана Сəуленің бейнесі сай келмесе, увы… мен кінəлі емеспін… хотя – екеуі бір Сəуле…

Журналист, тележүргізуші Сəуле өзге ортада да Ақжүніс-Сəуле болуы тиіс деген өз талабыңызды кінəлаңыз. Ал ол Сəуленің Ақжүністен басқа сан түрлі міндеті мен мінезі (ана, əпке, сіңлі, апай, дос, құрбы, əріптес, шопыр, жар, аспаз, домработница, спортсменка, комсомолка..)) 99 қыры бар… дəл өздеріңіз сияқты…

Ақжүністің образын іздеген адам уақыт деген пыраққа отырып, 15 жыл кейінге қайтып барсын да, 30-дағы Сəулені тауып алсын…


Ел не дейді…жұрттан ұят…олай болмайды…бұлай болмайды…” деп жүріп…өмірімді өлтіріп алыппын. Ендігі жерде не бар. Не жоқ”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда 40 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына жақында қайтыс болған адамды көмген

Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ

ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады