Ерке Есмахан су жаңа туындыда басты рөлді өзі сомдамақ. Сондай-ақ, фильмнің қаржылай шығыны продюсер ретінде Еркенің мойнында. Ал тырнақалды туындысын түсіруге Еркеге режиссер Асқар Ұзабаев көмектеспек ниетте.
“Тәуекел түбі – жел қайық, Жүзесің де өтесің! Кино деген кеменің желкенін көтердік, сәттіліктің самалы серік болсын! Кеменің капитаны: Асқар Ұзабаев. Капитанның оң қолы: Гүл апше, Гүлнұр Мамасарипова. Мен енді тек әнші, жүргізуші емес, Алла қаласа, продюсер және актриса болғалы тұрмын. Осы жолдағы алғашқы жоба – кино.
Мен тек ата-анамның емес, бүтіндей қазақ деген xалықтың, Сіздердің қыздарыңыз екенімді толық түсінем. Өйткені, әр адам қатал сынды да, ең ізгі тілекті де өз баласына тілейді. Күн сайын Өздеріңізден сондай тілек-ниет, сын-пікір алып, бәрін түйсігіме жинап жүрмін. Мен өсіп жатсам, ол Сіздердің баталарыңыздың арқасы деп білем! Жаңа жұмысыма да сәттілік тілеп қойсаңыздар екен, жандарым! “Арық сөйле, семіз шық” демекші, сөзімнен ісімнің ірі болғанын қалаймын. Кішкене уайымдап тұрмын”, – деп бөлісті Ерке өзінің инстаграм парақшасында.
Айтпақшы, Ерке белгілеген хэштегке қарасақ, фильм “Кафе Махаббат” деп аталуы бек мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Ертіс өзенінде алдағы аптада сең жүре бастайды
ОҚО-да араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты
Сал ауруына шалдыққан 12 жасар қыз “Балапан” арнасының жүргізушісі атанды