Үйінен айырылғанда жылаған ақтөбелік қыз пәтер берілгенде де көзіне жас алды

Бұл видео қоғам белсендісі Сырым Әбдірахмановтың парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz. Оның айтуынша, бұл қайырымдылық іске кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұйытқы болыпты. Оған бірнеше бизнесмен көмектескен. Олар тіпті толық бітпеген пәтерді жасатып, тасқыннан зардап шеккен отбасыға жиһаз және техника алып бермек.    

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде тасқыннан үйі құлаған отбасындағы қыздың "оқулықтарымнан айырылдым" деп жылағаны туралы өткен атада хабарлағанбыз.