Жарияланды: 6400

Ақтөбеде тасқыннан үйі құлаған отбасындағы қыз "оқулықтарымнан айырылдым" деп жылады

Ақтөбеде тасқыннан үйі құлаған отбасындағы қыз "оқулықтарымнан айырылдым" деп жылады Сурет - видеодан скриншот

Ақтөбе тұрғыны Тұрғангүл Есімова топан судың кесірінен жалғыз баспанасынан айырылып қалды. Оның айтуынша, күйеуінің жүрегі ауырады екен. Ол тіпті үйінің қандай күйге түскенін әлі көрмепті.

Тұрғангүлдің кіші қызы Махаббат №36 мектептің 4-ші сыныбында оқиды, деп жазады "Диапазон" газеті. Бұлар баспанасынан бөлек, оқушы киімі мен оқулықтардан да айырылыпты. Аяқ астынан осындай күйге түскен отбасы бұл жағдайдан ес жия алмай отыр. Тіпті кішкентай қыз мектеп заттарынан айырылғанына ызаланып, бейнекамера алдында жылап жіберген.

10-летняя девочка, пострадавшая от потопа в Актобе, обратилась к властям

"Кітаптарымның бәрі үйде қалған еді. Ұрылар алып кетті. Үкімет қайда қарап отыр? Бізге неге келмейсіздер?! Өзіміз маңдай термен салған үй еді. Ал мектепте "осыдан кітаптарыңды жоғалтсаңдар, өздерің төлейсіңдер" деп қаншама рет айтты... Бәріміз суға кетіп жатырмыз. Көмекке тез келмей ме?! Аямайсыңдар сендер адамды!" деп еңкілдеп жылаған қаршадай қызды көрген жанның сай-сүйегі сырқырайды.

Закрыть