Заречныйдағы түрмеде азаптау болған жоқ деп мәлімдеді колония басшылары

Құқық қорғаушылар түрмеде тұтқындарға дұрыс қарамайды және азаптайды деген ақпараттарға алаңдайды, ал түрме басшылығы колонияда жоспарлы тексеру іс-шарасы өткенін және "төтенше ешнәрсе болмағанын" айтады деп хабарлады Азаттық радиосы

"Халықаралық түрме реформасының" (PRI) Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің директоры Азамат Шамбилов 21 сәуір күні кешке әлеуметтік желіде өзіне тұтқындардың туыстарынан Заречный кентіндегі колонияда отырған тұтқындар арасында колонияда ішкі әскер жасақтарының "азаптауы мен қатыгездік әрекеттерінен зардап шеккендер бары" туралы ақпарат түскенін хабарлады.

Шамбиловтің айтуынша, ішкі әскер сарбаздары қатаң режимдегі ЛА-155/12 колониясындағы тұтқындардың 17 сәуірде ұрып-соққан.

"Әуелде барлығы [құқық қорғаушылар мен тұтқындардың туыстары] колонияға әскер кіргізілгенін айтты, мені [түрме басшылығы] мұның жоспарлы тінту шарасы екеніне сендірді. Бірақ, қазір тұтқындардың жақын туыстарынан колонияда әскер кіргізілгелі бері тұтқындарды жаппай ұрып-соғып, адам құқықтарының бұзылып жатқаны туралы ақпарат түсті" деп жазды Шамбилов Facebook-тегі парақшасында.

Құқық қоғаушы Facebook-тегі басқа жазбасында өзінде бар мәлімет бойынша, түрмеге әскер кіргізілген тінту шарасы барысында ондаған тұтқынның зардап шеккенін жазды.

ҚҰқық қорғаушы Елена Семенова Азаттық тілшісімен әңгімесінде бірнеше тұтқынның өзіне ішкі әскер жасақтары өздерін ұрып-соққанын, салдарынан бірнеше тұтқын жарақат алғанын мәлімдегенін айтты. Семеновтің сөзінше, ол ішкі істер министрлігіне өзіне түскен мәлімдемелер бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрап шағымданған.

ЛА-155/12 түрмесінде жазасын өтеп жатқан тұтқын 23 жастағы Балаби Түрембековтің анасы Жұмагүл Төкиева Азаттық тілшісіне "әскер кіргізілген" күні өзіне сол түрмедегі басқа тұтқынның анасы хабарласқанын және "тұтқындардың қысқы киім формасынан жазғы киім формасына ауысуы шарасы" болғанын естірткенін айтты. Осыған байланысты түрмеге әскер кіргізіліп, ұлы сабаған. Төкиеваның айтуынша, ұлы әзірге қоңырау шалмаған. Түрме басшылығы оның сұрауына колонияда "жоспарлы тіну шаралары" өткізілгенін және "тұтқындардың ешқайсысы соққыға жығылмағанын" мәлімдеген.

ЛА-155/12 колониясындағы 33 жастағы тұтқын Андрей Ефановтың анасы Людмила Ефанова Азаттыққа ұлының өзін 17 сәуірде ұрып-соққаны туралы арызының суретке түсірілген көшірмесін жолдады. Ол арыздың түпнұсқасын құқық қорғаушы Елена Семеноваға титісті органдарға жетуізуге бергенін айтты. Ол сонымен қатар ұлының денесіндегі "соққы іздерінің" суретін де жолдады.


Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түрмесінде жазасын өтеп жатқан тұтқын Андрей Ефимовтің 17 сәуірде түрмеге кіргізілген ішкі әскер сарбаздарының өзін "азаптағаны" туралы арызының көшірмесі.

​Азаттық тілшісі ЛА-155/12 түрмесінің басшылығынан комментарий ала алмады. Бірақ Алматы облысы бойынша қылмыстық атару жүйесі департаменті Азаттыққа ЛА-155/12 түрмесінде 17 сәуірде "жоспарлы тінту шаралары" өткізілгенін және оның барысында "қоғамдық тәртіп бұзылмағанын" айтты.

Қазақстан түрмелерінде тұтқындарға қатыгездік танытылатын фактілер туралы хабарламалар ара-тұра түсіп тұрады. Билік көбінесе тұтқындардың азапталып, соққыға жығылғаны туралы мәлімдемелерді терістейді. Өткен апта басында Қазақстанның түрме басшылығы шетелдік құқық қорғаушылармен кездесуде Қазақстанның адам құқығы, оның ішінде тұтқындардың құқығын сақтау саласында "жетістіктер" бары туралы айтқан.

Оқи отырыңыз:

Суреттегі аласа бойлы 9 сынып оқушысының қазіргі әлем чемпионы екені елді таң қалдырды

Қайрат Нұртас тойда өзімен суретке түспеген халыққа ренішін білдірді
Ақмола облысында дүкенге шығып кетіп оралмаған әженің денесі орманнан табылды