Жазасын өтеп жатқан Саят Ыбыраев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

«Қазір ғана соттан шықтым. Саят ағаларыңның бостандыққа шыққаны рас. Семей қалалық сотының шешімі бұзылып, бүгін ШҚО сотының аппеляция алқасының қаулысымен мерзімінен бұрын босатылды», - деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, 2011 жылы Саят Ыбыраев «экстремизм» бабы бойынша 12 жылға сотталған болатын. Саят Ыбыраев түрмеде жатқан кезде Abai.kz ақпараттық порталы тағайындаған Алаш арысы Әлихан Бөкейханов атындағы тәуелсіз қоғамдық төс белгімен марапатталған еді. Сондай-ақ, оның жазықсыз сотталғанын алғашқы күннен бастап көтерген басылым ретінде ғалымның бостандыққа шығуымен бүкіл Алаш жұртын құттықтаймыз!

Оқи отырыңыз:

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді
Алматы тау бөктерінен 19 жастағы студент қыздың денесі табылды