Жарияланды: 80

Алматы тау бөктерінен 19 жастағы студент қыздың денесі табылды

Алматы тау бөктерінен 19 жастағы студент қыздың денесі табылды

Алматыда 19 жастағы студент қыздың денесі таудан табылды.

Алматыда орналасқан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Дария бейсенбі күні үйінен шығып, университет жаққа асығып кеткен,  деп жазады ҚазАқпарат.

Жұма күні оның денесі тау жақтан табылды. Бұл туралы отбасының жақыны Мейрамгүл Исатай Фейсбукте жазды.

«Ауыр қайғы. Небәрі 19 жаста. Арманшыл еді, ағылшын тілінің маманы болғысы келетін. Бейсенбі күні таңертең Алматы қаласындағы үйінен универдегі сабағына асығып кеткен. Бірақ сабаққа бармапты. Жансыз денесі кеше тау жақтан табылды. Жауқазындай жайнаған Дарияның өліміне кінəлі қара ниеттілер де анықталар. Аллам тек анасы Гүлбаршынға үлкен сабыр беріп, о дүниеге кеткен Дарияны алдынан жарылқасын!», - деп жазды Мейрамгүл Исатай.

Марқұмның жақындары оның кісі қолынан қаза тапқанын айтады. Ал Алматы қалалық ІІД бойжеткен суицидке барған деген алдын ала болжам жасап отыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала өзіне қол салған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ұқсас тақырыптар:

Сарыағашта жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті судан табылды

ОҚО-да 1,5 ай бұрын суға ағып кеткен баланың денесі енді табылды

Астанада өртенген ғимараттан әйел адам мен баланың мәйіттері табылды

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін