Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің інісі қазақ қызын шешіндірген түнгі клубты бүгін қиратқалы жатыр

Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00-де... "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер, "демалыңдар!" деп жазыпты Талғат Рысқұлбеков. 

Сосын ол Фейсбукте көптеген жігіттермен бірге хормен "Қызға қырық үйден тыю" деп айтқан видеосын жариялады. 

Түнгі клубта қазақ қызының ақша үшін шешінгені туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Онда танымал блогер Айжан Байзақованың аты-жөні аталды. Ал кеше ол "ұсақ бұзақылығы" үшін үш тәулікке қамалды.