Осындай масқараны көрсететін видеоны Фейсбукке Serzhan Kayrbek есімді қолданушы жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.
Serzhan Kayrbek-тің айтуынша, бұл түнгі клубтардың бірінде болған. Онда бір қыз 50 мың теңге үшін тыр жалаңаш шешінген.
"Тыр жаланаш шешінген адамға 50 мың теңге береміз десе, бір қыз шешініп шығыпты.Ішінде Байзакова (әлеуметтік желілерде ашық суреттерімен танылған Айжан Байзақованы айтса керек — ред.) деген шайтан бар."Она целка, целка" деп айғайлап тұр. Осындай бәлелерден қашан құтыламыз?! Бұлардың көзін құртатындай қандай заң бар екен?" дейді жазба авторы.
Мынаны қарандар,мынау түнгі клубтын біреуінде болыпты.Тыр жаланаш шешінген адамға 50 мың тенге береміз десе,бір қыз шығыпты,шешініп.Ішінде Байзакова деген шайтан бар,айқайлап тұрғаны "Она целка,целка"… О Алла осындай бәлелерден қашан құтыламыз,орыс менталитетті мәнгүрт қазағымыздын тірліктері ғой осынын бәрі,орыстарға еліктеп. Осыларға қандай заң бар екен,көздерін құртатын?
Posted by Serzhan Kayrbek on Tuesday, December 19, 2017
Бұған қатысты пікір білдіргендер баршылық. Мысалы, Сапарбек Сахов есімді қолданушы мұндайда ешкімнің заң бойынша шара қолдана алмайтынын өкінішпен айтады.
"Ұрсаң — сотталасың, тура сол жерде мұның қалай десең — бәлеге қаласың. Жиналған сайқалдар, содан ақша табатын ұрда-жық ұйымдастырушылар, "беттеріне боқ жағып алған" қызық іздеушілер. Бәрі жабылып құтырған итше талайды. Биліктегілер көрмегенсиді. Әрі оларды қуып тарататын заң да жоқ" дейді С.Сахов.