Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев жауапқа тартылмайтын болды

Рэпер Жан Ахмадиев көшедегі әйелдерді қамшымен сабамаған болып шықты, ол видеоға әйелі мен таныстарын түсірген. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Әлеуметтік желіде тарап кеткен Ахмадиев Ж.А. әйелдерді қамшымен сабап жатқаны түсірілген видеороликтегі жағдай қойылым болып отыр. Яғни, жеңіл жүрісті қыздар ретінде оның әйелі мен таныстары түскен", — деп хабарлады Сәдубаев. 

Оның айтуынша, мұндай жағдайда Ахмадиевтің іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Сондықтан рэперді қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша жауапқа тартуға болмайды. 

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіні "жарған" видео қазіргі уақытта YouTube желісінен өшірілген. 

Еске салып өтсек, "Қазақпыз ғой" YouTube-арнасында "жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген" рэпердің видеосы жарияланған еді. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.


Ұқсас тақырыптар:

Рэпер Жан Ахмадиев Алматының көшесінде тұрған Шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады

Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек