Рэпер Жан Ахмадиев Алматының көшесінде тұрған Шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рэпер Жан Ахмадиев Алматының көшесінде тұрған Шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады

Рэпер Жан Ахмадиев Алматының көшесінде тұрған Шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады

Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді өзінің әніне қосып айтып жүретін қазақстандық рэпер Жан Ахмадиев енді жезөкшелердің соңына шам алып түсті.

  • 26 Наурыз 2018
  • 300
Фото - Caravan.kz

Ол Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында тұратын жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, бұл сәттің видеосын Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Түнгі көбелектерге» ол алдымен клиент ретінде барып, әңгімеге тартады, саудаласады. Кейін мораль оқып, артынша қамшымен сабайды.

— Үшеуіңіз де қазақтың қыздарысыз ғой, иә?
— Иә!
— Қай жақтың қыздары боласыздар?
— Шымкенттен, бәрібір емес пе қай жақтан болатынымыз.
— Былай жалпы намыстанбайсыңдар ма, қазақтың қызы бола тұра осындай тән сатып, ар сатумен айналысып жүрсіңдер ғой. 
— Ақша үшін айналысып жүрміз ғой…
— Ақша дей ме? Мен онда бүгін сендерді сабауға келдім, шешеңді…

Жан Ахмадиев сондай-ақ, қазақтың өзге де жігіттерін дәл осылай жасауға шақырды. Оның қысқа ғана видеосы Instagram желісіндегі Ztb_qaz парақшасында жарияланған.

 

 


A post shared by 🇰🇿 ZTB_QAZ (@ztb_qaz) on

Оқи отырыңыз:

Орталық Азиядағы ең көне түрме — атышулы "Таштүрме" қиратылады

Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты. Арасында губернатор Аман Төлеевтің туысы — 11 жастағы қыз да бар

Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Соңғы жаңалықтар