Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Полиция қазақстандық рэпер Жан Ахмадиевтің бейнежазбасын тексеріп жатыр. "Қазақпыз ғой" YouTube-арнасында жарияланған видеода орындаушы "жезөкшелерді қамшымен қуып жүр" – осылай деп рэпердің өзі түсіндірген.
Бейнежазбада Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.
Полиция бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
"Аталған дерек бойынша әзірше арыз түскен жоқ. Видеоны тексеріп жатырмыз", — деді Алматы ішкі істер департаменті өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстанға берген мәліметінде.
Оқи отырыңыз:
Жауапқа тартылмаса көшеге шығып бәрін боқтаймын - Байзақова Жан Ахмадиевті сынап тастады
Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек
Рэпер Жан Ахмадиев Алматының көшесінде тұрған Шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады