Жарияланды: 190

Балаға сексуалды тәрбие беру керек пе?

Балаға сексуалды тәрбие беру керек пе?

Бағдарламаға 14 жасында ағасы зорлаған Айжан есімді кейіпкер келді (есімі өзгертілген).

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ол кезде мен жас едім, айтуға қатты қорықтым. Егер мен айтатын болсам, анам ағамды өлтіретін еді. Отбасымның тыныштығын бұзғым келмеді", дейді зорланған қыз. 

37 жасқа келген кейіпкер ұзақ жыл бойы психологтарға қаралып, емделіп, күйзелістен арылғанын жасырмады. 

"Сол психологтың көмегі болмағанда, мен қазір отбасын құрып, балалы болмас едім. Мен осындай жағдайға түскенімді жақында ғана құрбыма айттым. Ата-анам, туыстарым бұл жаман ақпараттан хабарсыз", деді. 

Сонымен қатар, студия қонақтары мен көрермендерге өзі сияқты зорланып, ұрынып жүрген қыздарға айтар кеңесі, болған жәйтті дер кезінде анасы немесе туыстарына айтуларын өтінді. 

Бағдарлама барысында қонақтардың пікірі екіге бөлінді: балаға жастайынан мұндай тақырыпта сөйлесудің қажеті жоқ десе, енді бірі қажеттігін айтты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть