Ермек Аманшаев: ұлттық нақыштағы мультфильмдерді жасауды қолға аламыз - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ермек Аманшаев: ұлттық нақыштағы мультфильмдерді жасауды қолға аламыз

Ермек Аманшаев: ұлттық нақыштағы мультфильмдерді жасауды қолға аламыз

Елімізде анимация саласы қарқынды даму үстінде. Қысқа және толық метражды мультфильмдер қолға алынды, енді сериалдардан тұратын ұлттық нақыштағы мультфильмдерді жасауды қолға аламыз.

  • 13 Маусым 2011
  • 700
Фото - Caravan.kz

Өткен жылы елімізде прокатқа 220 фильм шықты, оның 10 пайызын анимациялық фильмдер құрайды. Бұл туралы бүгін Алматыда I қазақстандық «Ер Төстік» анимациялық фильмдер фестивалінің ашылуына арналған баспасөз мәслихатында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев мәлім етті.

Оның айтуынша, елімізде 1960-80 жылдары жылына 4 мультфильм түсіріліп отырса, ел тәуелсіздігін алған 1991 жылдан 2001 жылға дейін бірде — бір анимациялық фильмдер түсірілмеген. «Анимациялық фильмдердің өсу қарқыны 2001 жылдан басталды, сол жылдан бастап қолға алына бастады десем болады. Қазір біз жылына 4-5 мөлтек фильмдерді шығарудамыз. Өткен жылы 7-8 қысқа метражды мультфильмдерді шығарып, өндіріске «Ер Төстік» пен «Самрұқ құс» атты екі толықметражды мультфильмдерді жібердік. Балаға ой салатын, тәлімдік-тәрбиелік мультфильмдерді жасауда біз санымен қатар, сапасына да үлкен мән береміз»,-деді Е. Аманшаев.

Оның айтуынша, анимация саласының жоғары деңгейде дамуы үшін бір-екі жыл емес, бірнеше жылдар қажет. «Бүгінде бізде кинотеатрлардың көбейіп жатқандығы қатты қуантады. 2009 жылы елімізде 77 кинотеатр ғана болса, 2010 жылы оның саны 196-ға жетті. Ал, билет сатылымы бүгінде 20 миллионға жетіп отыр. Сондықтан біз жақсы фильмдер жасай беруіміз керек. Кино туындылар мен анимациялық фильмдерді жасау үшін біз де барлық жағдайлар, мамандар, техникалар бар, қаржы да жеткілікті, дегенмен өнімдеріміз бәсекеге қабілетті болуы үшін мемлекеттің де қолдауы үлкен қажет»,-деді Ермек Аманшаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 10-ға тарта киностудиялар жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар