Израиль премьер-министрі Трампқа алғыс білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль премьер-министрі Трампқа алғыс білдірді

Израиль премьер-министрі Трампқа алғыс білдірді

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларына байланысты мәлімдеме жасап, бұл шабуылдарды «тарихты өзгертетін батыл шешім» деп атады

  • 22 Маусым
  • 12
Adyrna.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Adyrna.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол АҚШ президенті Дональд Трампқа алғысын білдірді.

Израиль премьерінің бұл үндеуі АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған шабуылынан кейін бірден жарияланды.

«Президент Трамп екеуіміз жиі айтамыз: “Күш арқылы бейбітшілікке қол жеткізуге болады”.
Алдымен — күш, содан кейін — бейбітшілік. Бүгін кешке Дональд Трамп пен Америка Құрама Штаттары өте батыл әрекет етті», — деді Нетаньяху өз мәлімдемесінде.

Шабуылдан кейін Иранның Ядролық қауіпсіздік орталығы қандай да бір радиациялық ластану анықталмағанын хабарлады. Сонымен қатар, Иранның мемлекеттік радио мен теледидары бас директорының орынбасары Хасан Абедини үш ядролық нысаннан (Фордо, Натанз және Исфахан) эвакуация шабуылға дейін біраз уақыт бұрын аяқталғанын айтты. Оның айтуынша, байытылған уран қорлары алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген, сондықтан радиациялық қауіп жоқ.