"Күйеуімнен ақша сұрасам - қайыршысың дейді" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуімнен ақша сұрасам - қайыршысың дейді"

"Күйеуімнен ақша сұрасам - қайыршысың дейді"

Instagram желісіндегі "Үшбу хат" парақшасында жас келіншектің жас сыры айтылған, жазба жарияланды.

  • 13 Мамыр 2019
  • 101
Фото - Caravan.kz


Келіншек балаларына ақша бермейтін күйеуінен шаршағанын айтқан.

Сәлеметсіздер ме!

Сіздерге ішкі сырымды айтпасам қиналып кеттім. Тұрмысқа шыққаныма 3 жыл болды. Ата-енеммен бірге тұрамыз. Бір қызым бар, екіншісіне аяғым ауыр. Қазір декреттік демалыстамын, осыған дейін жұмыс істеп келдім. Жұмыс істеп жүргенде айлығымды енеме әкеліп береітнмін, өзіме жолға, тамаққа ақша алып қалатын едім. Енем алған ақшасына үйге тамақ алады бір айға. Жұмыс істеп жүргенде, өзіме керектіні өз ақшама алатынмын, күйеуімнен ешқашан ақша сұрап көрмедім. Күйеуім мен енем менің айлығымды қалтамдағы тиыныма дейін санайды, қайда жұмсадың, не істедің деп. Енді жұмыссыз отырған соң ақша жоқ, роддомға керек заттар алуға ақша сұрасам, сенің ақшаң қайда? Қайыршы құсап ақша сұрадың дейді. Ақша тауып, бала-шағасын асырау еркектің міндеті емес пе? Үйге бірдеңе алса, балаға бірдеңе алса үнемі міндетсініп отырады, мен алдым менің ақшама алдың деп. Сен де қашан ақша болушы еді, сен қайыршысың дейді. Ондай адамға не істеуге болады? Неге ондай ол?

Соңғы жаңалықтар