Жарияланды: 80

Ораза Айт мерекесі күні сәресі ішу керек пе?

Ораза Айт мерекесі күні сәресі ішу керек пе? Сурет - islamosfera.ru

Егер кімде - кім сәресі ішкен болса, я болмаса айт намазы алдында тамақтанған болса, бұған да тыйым салынбаған.

Мұсылмандар арасында "Ораза Айт мерекесі алдында әдеттегідей сәресі ішу керек" деген ақпарат кең тараған. Қазіргі таңда осыған байланысты және осы ақпараттың сенімділігі қаншалықты деген секілді көптеген сауалдар бар. Осы сауалдарға Qamshy.kz ақпарат агенттігі нақты жауапты қарастырды.

"Айт мерекесі күні Рамазан күндеріндегідей сәресі ішудің қажеті жоқ. Тек таң намазына тұрасыздар. Дегенмен, айт намазына келер алдында, тақ санды құрма жеп шығу сүннет болып табылады.",- деп мәлімдеме жасаған Azan.kz Ислам ақпараттық-ағарту порталы.

Егер кімде -кім сәресі ішкен болса, я болмаса, айт намазы алдында тамақтанған болса, бұған да тыйым салынбаған.

Сонымен қатар, осы күні ғұсыл алып, мерекелік намазға мерекелік киімде келуді және әтір себінуді ұмытпаңыздар. Туыстарыңызды зиярат етіп, сыйлықтар жасап, айналаңызға қуаныш сыйлаңыздар.

Ораза айт мерекесі – бір күн. Осыдан соң Рамазан айындағы қаза болған күндеріңізді өтеп, Шәууәл айындағы ерікті болып табылатын алты күндік оразаны ұстауларыңызға болады. Алты күндік оразаны қатарынан ұстау міндетті емес. Бұл алты күнді ай арасында ұстауға да болады.

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін